Коммунальное государственное учреждение "Алматинский областной специализированный дом ребенка"
ГалереяНовости

“Аялы алақан” атты қайырымдылық іс-шарасы

“Аялы алақан” атты қайырымдылық іс-шарасы

Бүгінгі “Аялы алақан” атты қайырымдылық іс-шара Алматы облыстық Аналар алқасы мен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы меморандум аясында өткізілуде. Бұл игі іс-шараны бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Аналар алқасы қолдау көрсетіп, ұйымдастырып отыр.
Бүгінгі іс — шарамызға арнайы қатысып отырған қадірлі қонақтарымыз келіп отыр.
Алматы облысы Аналар алқасының төрағасы Жошыбаева Гульнара Сағатовна “Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Гокова Олеся Викторовна
“Алматы облысы қоғамдық келісім және даму орталығы” ККМ-ның Қоғамдық институттармен жұмыс жүргізу бөлімінің аға сарапшысы Бектұр Айдана Серікжанқызы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қоғамдық келісім және даму орталығының аға сарапшысы Атықаева Арайлым Исаханқызы, сонымен қатар Алматы облысы Шелек ауылының өнер мектебінің директоры Базилбекова Сайра Сыдыққызы. Шелек ауылының емханасының меңгерушісі Макеева Гульжан Асқарқызы.
Жақсылық жасау үшін үлкен болудың қажеті жоқ. Кішкентай күлімсіреу, жылы сөз, аялы алақан- бәрі де біреуге қуаныш сыйлай алады. Аялы алақанымызбен жылулық сыйлайық!