Бүгін мекемеміздің ақ халатты абзал жандары – медицина қызметкерлері педагогтарды кәсіби мерекесі Тәрбиешілер күнімен шын жүректен құттықтады.
Мерекелік шара барысында мекеме басшысы Нұрманбетова Айгүл Маратқызы педагогтарды төл мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды ізгі тілектерін білдірді. Ол тәрбиешілердің балалардың тәрбиесі мен дамуына қосып жүрген еңбегін атап өтіп, әр педагогке шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне береке тіледі.
Ақ халатты абзал жандар да өз кезегінде педагогтарға жылы лебіздерін арнап, еңбектеріне алғыс білдірді.
🤍 Медицина қызметкерлері мен педагогтардың басты мақсаты – тәрбиеленушілеріміздің денсаулығын сақтап, оларға мейірім мен қамқорлық көрсету. Осы ортақ еңбекте әріптестік пен өзара қолдаудың маңызы зор.
Құрметті педагогтар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! 💐






